1346
Астанада мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар бір мезетте Әнұран орындады (ВИДЕО)
Іс-шараға бас-аяғы 20 мыңнан аса адам қатысты.
Елорданың барлық ұйымдары мен кәсіпорындары Республика күніне орай бір мезетте Әнұран орындады, деп хабарлады turkystan.kz Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Елорданың барлық мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарында Республика күнін мерекелеуге арналған патриоттық іс-шара өтті. Оған департаменттердің ұжымы, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен басқармалардың, аудан әкімдіктерінің қызметкерлері, сол сияқты ардагерлер, мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері, ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелердің ведомстволары мен кәсіпорындарының қызметкерлері, жастар ұйымдары және т.б. белсене атсалысты.
Патриоттық іс-шара бүгін сағат 10:00-де ұйымдастырылды. Оған бас-аяғы 20 мыңнан аса адам қатысты.