Гүлнұр Мамасарипова «Келінжан» сериалының жалғасын түсіру туралы ойын айтты

Ол кинопродюсер ретінде басқа дүниелер жасағысы келетінін жасырмады.

Гүлнұр Мамасарипова «Келінжан» сериалының жалғасын түсіру туралы ойын айтты
Фото: instagram.com/gulnur_mamasaripova
3976

Продюсер Гүлнұр Мамасарипова KAZ.NUR.KZ басылымына берген сұхбатында «Келінжан» сериалының жалғасын түсіру туралы ойын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол кинопродюсер ретінде басқа дүниелер жасағысы келетінін жасырмады. Сондықтан көрермен сериалдың алтыншы маусымын көру-көрмеуі белгісіз.

«Мен осы бесінші маусымда халық жалықса екен деп тіледім. Менде кинопродюсер ретінде басқа дүниелер жасағым келеді. Мен өзім бір маусымда он сериал түсіретін адам емеспін. Мен үшін сериалдардың саны емес, сапасы маңызды. Жыл сайын «Келінжанмен» айналысамын. Осы бесінші маусымнан кейін «болды, қойыңдар! Жалықтық» деп халық жазса, айтса екен деп тіледім. Бірақ көрерменнің 99 пайызы алтыншы маусымды күтетін жазып, жалғасын түсіруімізді сұрап жүр. Бірақ осы жолы мен шынымен де тоқтатқым келіп тұр. Жыл сайын жалғасы шықпайды деп айтамын да, көп ұзамай келесі маусымды бастап кетіп жүрміз. Сондықтан қазір кесіп ештеңе айтқым кеп тұрған жоқ. Мен алты жыл өмірімді «Келінжанға» беріппін. Енді «Келінжаннан» басқа да дүниелер жасап көргім келеді. «Келінжанның» актерлерінен шаршадым деп кейде әзілдеп қоямын. Бірақ бәрін уақыт көрсетеді. Мүмкін бұл актерлермен басқа жанрдағы, бағыттағы туындыларды да жасағанымыз дұрыс болар», - дейді продюсер.

Серіктес жаңалықтары