760
Ақтөбеде Республика күні мерекесі аталып өтті
Ұлттық ұлан сарбаздары көк байрағымызбы көкке көтерді.
Бүгін, 25 қазан елімізде Республика күні аталып өтуде. Ұлттық мерекеге орай, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қаладағы 91 метрлік тутұғыр орналасқан орталық саябақта өткен мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, деп хабарлады turkystan.kz.
Салтанатты шараға облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, құқыққорғау және мемлекеттік органдардың басшылары және қала тұрғындары да жиналды.
Шарада қалалық мәдениет үй жанындағы үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Әнұран шырқады. Ұлттық ұлан сарбаздары көк байрағымызбы көкке көтерді.