Газа секторында қайтыс болған қазақстандық әйелге қатысты жаңа дерек шықты

Газа секторында тұратын палестиналық журналист Тарек Альян 22 қазанда қайтыс болған қазақстандық әйелмен таныс болған.

Газа секторында қайтыс болған қазақстандық әйелге қатысты жаңа дерек шықты
Фото: facebook.com/TarekAlian
2080

Газа секторының тұрғыны зымыран шабуылынан қаза тапқан қазақстандық әйел туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Газа секторында тұратын палестиналық журналист Тарек Альян 22 қазанда қайтыс болған қазақстандық әйелмен таныс болған. Әйелдің есімі Юлия, ол Қазақстанның тумасы. 90-жылдары ол жергілікті тұрғынға тұрмысқа шығып, Газа секторына көшіп барған. Оның ата-анасы Ресейде тұрады. Қазақстандық әйелдің төрт баласы, екі ұлы, екі қызы бар. Үлкен қызы тұрмысқа шығып, шетелде тұрады, ал кішісі жақын арада тұрмысқа шығуды жоспарлап жүрген.

«Екі күн бұрын олар тұратын Газа секторы орталығындағы Дейр-эль-Балах қаласына израильдік әуекүштерінің көптеген шабуылы жасалды. Зымырандардың бірі олардың үйіне түсті, онда Юлияның күйеуінің туыстары болған, барлығы әйел мен бала. Біздің әдет-ғұрып бойынша ер адамдар мен әйелдер бөлек отырады, ол кезде үйде тек әйелдер болған. Юлия мен оның кіші қызы Линаны қосқанда барлығы 18 адам қаза тапты. Олардың денелері үйінді астынан шығарылды», - деді Тарек Алян.

 

Серіктес жаңалықтары