1780
Абай облысында бір үйдің 4 баласы қаза тапты
Оқиға 25 қазан күні сағат 11:00 шамасында Абай облысының Аягөз қаласында болған.
Абай облысында бір үйдің төрт баласы көміртегі тотығымен уланып, көз жұмды. Бұл туралы Abainews Telegram арнасы хабарлады.
Қайғылы оқиға 25 қазан күні сағат 11:00 шамасында Абай облысының Аягөз қаласында болған. Оқиға орнынан учаскелік полиция инспекторы төрт баланың денесін тапқан.
8 жасар егіз бен олардың 3 және 2 жастағы інілері көміртегі тотығымен уланып, мерт болған. Балалардың әкесі жедел жәрдем жүргізушісі болып жұмыс істейді және оқиға болған кезде ол жұмыста болған, ал анасы базарға азық-түлік алуға кеткен.
Қаланың жергілікті тұрғындары ата-аналарға көмек көрсету үшін қаражат жинауда.