1997
Пара Азиада – 2023: қазақстандық спортшылар бір күнде 7 медаль алды
Оның ішінде 2 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль бар.
Алтыншы күннің қорытындысы бойынша Азия пара ойындарында Қазақстан қоржынына 7 медаль түсті, деп хабарлады turkystan.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Оның ішінде 2 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль бар.
Алтын медаль иегерлері – Дастан Мұқашбеков – пара жеңіл атлетика, Диас Кенжебек – пара жүзу;
Күміс медаль иегерлері – Раушан Қойшыбаева – пара пауэрлифтинг;
Қола медаль иегерлері – Кенжеғұл Сейітжан, Антон Лаврентьев – пара велоспорт, Әлімжан Аяпов, Серік Солтанов – шахмат (командалық), Иван Залезняк – пара жеңіл атлетика, Рахметжан Хамаев – пара пауэрлифтинг.