1050
Павлодар облысында 2 баланы көлік қағып кетті
Түрлі жарақат алған балалар ауруханаға жатқызылды.
Павлодар облысында екі баланы көлік қағып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.
Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, 26 қазан күні сағат 07.30-да Павлодар-Шарбақты автожолында Lada Largus маркалы автокөліктің 40 жастағы жүргізушісі белгісіз жерде жолдан өтіп бара жатқан 2010 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Сол күні сағат 19.30-да Павлодар қаласында Lada Vesta маркалы автокөліктің 27 жастағы жүргізушісі 2009 жылы туған кәмелетке толмаған жасөспірімді соғып кетті.
«Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды. ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды», – деді департаментте.
Түрлі жарақат алған балалар ауруханаға жатқызылды.