Такси жүргізушілері айына қанша табыс табады?

Көпшілікті таксистердің табысы қызықтырады.

Такси жүргізушілері айына қанша табыс табады?
pixabay.com
644

Такси жүргізушілері табыстарының 51%-ын жанар-жағармайға, агрегаторға, такси паркінің комиссиясына, автокөлікті жалға алуға және амортизациялық шығынды өтеуге жұмсайды, деп хабарлады Turkystan.kz Urban Forum қорының зерттеуіне сүйеніп.

Жалпы, орта есеппен алғанда еліміздегі такси жүргізушілері айына шамамен 493 мың теңге табыс табады.

Астаналық таксистер айына 665 мың, алматылық таксистер 615 мың, ал шымкентттік таксистер 460 мың табады екен. Барлық шығынды алып тастағанда такси жүргізушілерінің таза табысы ел бойынша орташа есеппен 251,4 мың теңгені құрайды.

Былтыр «Яндекс Go», InDrive және «Апару» сынды агрегаторлар қазынаға 10,9 млрд теңге салық төледі.

Серіктес жаңалықтары