Ақтөбеліктер Республика күнін айрықша атап өтті

Биыл Ақтөбе облысы Республика күні ерекше атап өтті.

Ақтөбеліктер Республика күнін айрықша атап өтті
ашық дереккөз
678

Биыл Ақтөбе облысы Республика күні ерекше атап өтті. Мерекеде ақ­тө­­бе­ліктер баспаналы болып, облыста бір­қатар әлеуметтік нысандар ашылды. Сон­дай-ақ еліміздің, оның ішінде өңір­дің дамуына үлес қосып, өз саласында жемісті еңбек етіп жүрген азаматтарға мемлекеттік наградалар табысталды.  

Есет батырдағы қос қуаныш

Республика күнінде әлеуметтік осал топ санатына жататын ақтөбеліктер бас­па­налы болды.
Есет батыр тұрғын алабынан салынған 9 қа­­батты 265 пәтерлік жаңа үй әлеуметтік са­нат­тары бойынша мемлекеттік тұрғын үй ке­­зегінде тұрған, ақтөбеліктерге берілді. Олар­­дың қатарында жетім балалар, мүмкін­ді­гі шектеулі жандар және толық емес отба­сы­лар бар.
Тұрғындарға пәтер кілттерін Ақтөбе қа­ла­сының әкімі Азамат Бекет табыстады. 
Шаһар басшысы биыл жыл соңына дейін тұрғын үй кезегінде тұрған, әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарға 600-ден астам үй берілетінін, соңғы жылдары қала аумағында тұр­ғын үйлер қарқынды түрде салынып жат­қанын жеткізді. 
– Мерекеде баспаналы болып, қоныс тойын тойлап жатқан азаматтарға қуа­ныш­та­рыңыз құтты болсын демекпін. Өздеріңіз бі­лесіздер, бүгінде Ақтөбе қаласындағы Ба­тыс-2 және Есет батыр шағын аудандарында жыл санап тұрғын үйлердің саны артып ке­ле­ді. Бұл дегеніміз – алдағы жылдары тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарымыз баспана­лы болады деген сөз. Мәселен, биылғы жыл­дың өзінде 600-ден астам адамға пәтер беруді жос­парлап отырмыз. 
Ал бүгінгі пайдалануға беріліп отырған 9 қа­батты 265 пәтерлік үй – жақсы жаңалықтың бас­тауы. Ұлық мерекеде баспаналы болу – бұл зор қуаныш. Сондықтан баршаңызды осы қуа­­­ныштарыңызбен құттықтай отырып, әр шаңыраққа береке-бірлік, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін, – деді Азамат Бекет.
Мерекеде қоныс тойын тойлап жатқан­дар­дың бірі – Жанаргүл Иманбаева. Ол 2009 жы­лы жетім бала санаты бойынша тұрғын үй алу үшін кезекке тұрған. Ол баспаналы болу­ды көп жылдан бері армандап келе жатқанын жет­кізді. 
– Бүгін, міне, Республика күнінде үлкен қуа­нышқа кенеліп жатырмыз. «Отбасы – ша­ғын мемлекет» демекші, өз алдымызға бас­паналы болып, қоныс тойын тойлап жатыр­мыз. Осындай мерекеде бізге қолдау танытып, ыстық ықыласын білдіріп жатқан азаматтарға алғысым шексіз. Отбасында жолдасым екеу­міз үш бала тәрбиелеп отырмыз. Осыдан 15 жыл­дай бұрын тұрғын үй кезегіне тұрған едім. Бүгін, міне, пәтер кілтін алдық. Қуаны­шы­мызда шек жоқ, –деді.  
Ақтөбе қаласы әкімдігінің берген дерек­те­ріне сүйенсек, соңғы екі жыл ішінде Ақтөбе қа­ласында тұрғын үй кезегінде тұрғандарға 210 пәтер берілген. Оның ішінде кезекте тұр­ған көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жан­дар, толық емес отбасылар қамтылған. Ал жал­пы өңірде тұрғын үйге мұқтаждар есе­бінде тұрған 27 968 адам бар. 
Ақтөбе қалалық тұрғын үй қатынастары бө­лімінің басшысы Жандос Әлімовтің айт­уын­ша, оның ішінде 12 мыңға жуығы – ха­лық­тың әлеуметтік осал тобына жататын аза­­маттар.
Сондай-ақ мерекеде Есет батыр тұрғын ала­бында «Чемпион» жекеменшік спорт ке­ше­ні пайдалануға берілді. Бұл кешен осы ау­мақ­тағы тұрғындардың, жастардың спортпен шұ­ғылдануына жағдай жасап отыр. Мұнда ка­ратэ, еркін күрес, күрес түрлерінен секция­лар жұмыс істейді. Айына шамамен 600 баланың жаттығуына мүмкіндік жасалған. 

Газ берілді, кешен ашылды

Республика күнінде Ақтөбе облысын­да­ғы қос ауданда әлеуметтік нысандар пай­далануға берілді. Мәселен, Мәртөк ауда­ны­н­дағы Қаратоғай ауылында бой көтерген ауылдық клубтың лентасы қиылды.
– Бұл мәдениет үйі 150 орынға арналған. Бұрынғы ауылдық клубтың 1975 жылы бой кө­тергенін және оның ескіргенін алға тартқан ауыл тұрғындары жаңа клуб қажет екенін ай­тып, аудан әкіміне бірнеше мәрте жүгінген бо­латын. Мәселе шешіліп, міне, мерекеде жаңа клуб пайдалануға беріліп отыр. Бұл ны­санды салуға аудандық бюджеттен 106,4 мил­лион теңге бөлінді, – дейді Мәртөк аудан­дық Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі­нің басшысы Жандарбек Елібаев.
Аталған ауданда мереке қарсаңында спорт кешені де ашылды. Жаңа нысан Род­ни­ков ауылында салынған. 2022-2023 жылдары жүр­гізілген құрылыс жұмыстарына бюджет­тен  323,4 млн теңге қаржы бөлінген. Кешен­нің жалпы аумағы – 995,8 шаршы метр. Мұн­да балаларға арналған гір, қазақ күресі үйір­мелері жұмыс жасайтын болады. Алдағы уа­қытта спорттық ойын түрлерінен секция­лар ашу жоспарда бар. 
Жандарбек Елібаевтың айтуынша, Рес­пуб­лика күні қарсаңында аудандағы 25 түтіні бар Қарабұлақ ауылына көгілдір отын берілген.
Ұлық мерекеде Мұғалжар ауданындағы Мұ­ғалжар ауылында қазақ күрес залы пай­да­лануға берілді. Бұл нысанның құрылысын жүр­гізуге ауылдың жастары мен мектеп тү­лек­тері демеушілік жасаған. Жоба құны – 9 мил­лион теңге. Құрылысты салуға ауылдың аза­мат­тары атсалысқан. 

Мерекедегі марапат

Облыстағы басты мерекелік шара 24 қазан күні Ақтөбе қаласындағы Өнер ор­талығында «Менің Қазақстаным» тақыры­бын­да өтті. 
Шарада алдымен Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров жұртшылықты ұлық мере­ке­мен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді. 
– Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттық­тай­мын! 25 қазанда Қазақстанның егемендігі ту­ралы Декларация қабылданып, әлем карта­сын­да жаңа мемлекет – Қазақстан Республи­ка­сы пайда болды. Осы күннен бастап біз ше­­­карамызды шегендеп, көнеден жеткен дәс­түрімізді, қастерлі мәдениетімізді, қасиетті ті­лімізді жаңғыртуға жол аштық. 2022 жылы Мем­лекет басшысының ұсынысымен  Респуб­ли­ка күніне ұлттық мереке мәртебесі қай­та­рыл­­ды.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Рес­публика күні – халқымыздың рухын көте­ріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекем­деп, ынтымағымызды арттыратын айшықты ме­реке екенін ерекше атап өтті. Бүгінде елі­мізде Әділетті Қазақстанды құруға, саяси және эко­номикалық жүйелерін жаңғыртуға бағыт­тал­ған ауқымды реформалар жүргізілуде. Қа­зақстан елді жаңғыртудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Ал қоғамдағы татулық пен ұлтаралық ке­лісім – біздің басты құндылығымыз. Осы орай­да Ақтөбе облысы Қазақстанның әлеу­мет­тік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып ке­леді. Бүгінде Ақтөбе еліміздегі әлеуеті зор, қолайлы өңірлер қатарында. Отыз үш жылда об­лыста 400-ге жуық білім ошағы, 180-ге тар­та ме­дициналық, 710-нан астам спорт­тық нысан са­лынып, қазір халық олардың игі­лігін көріп отыр. Биылғы жылдың өзінде ұлт­тық жобалар ая­сында өңірде 20 мектеп,15 денсаулық сақтау ны­саны салынуда, бұл жо­балар 2025 жылға дейін іске қосылады, – деді облыс әкімі.  
Асхат Шахаров тәуелсіздік жылдарында Ақ­төбе облысында жалпы аумағы 13 млн 622 мың шаршы метр тұрғын үй салынғанын, қа­зір өңір­де әлеуметтік нысандар мен тұр­ғын үй­лер­дің қатары артқанын, жыл са­нап елді ме­кен­дерге газ, ауызсу, жол, интернет тартылып жат­қанын атап өтті. Сондай-ақ облыс әкімі өңі­ріміздегі ұлан-ғайыр алқап пен сайын да­ланы, қастерлі Республикамызды көздің қара­шы­ғындай сақтау, тәуелсіздігімізді баянды ету – әрбір азаматтың абыройлы борышы еке­нін тілге тиек етті. 
– Ақтөбе облысы ірі өнеркәсіптік аймақ­қа, ел­дің батыс өңірінің мәдени, білім беру жә­не ғы­лыми орталығына айналды. Бұл – сіз бен біз­дің бірлесе атқарған жұмысымыздың нәти­же­сі, тынымсыз еңбектің көрінісі. Эко­но­ми­ка­­ның қарқынды дамып, облыстың әлеуе­ті артуы­на әрбіріңіздің қосқан зор үле­сіңіз бар. 
Бүгін киелі сахна төрінде ұлт мүддесі үшін аян­­бай еңбек етіп, ортақ Отанымыз – Қа­­зақ­стан­ның өсіп-өркендеуіне, Тәуел­сіз­ді­гімізді  ны­ғайтуға септігін тигізген азамат­тар­ға Пре­зидент Жарлығымен бекітілген мем­лекеттік наг­радалар табыстағалы отыр­мыз. Сондықтан баршаңызға мара­пат­та­рыңыз құтты болсын! Сон­дай-ақ Республика күнінде облысымыздың на­мысын қорғап, зор жетістікке жетіп жүрген жер­лестеріміз, қазақтың мақтанышы Димаш Құ­дайберген мен Максим Самородов жоғары мем­лекеттік марапаттарға ие болып отыр. Бү­гін осы екі та­лантты азаматтың аналары орта­мыз­да отыр. Оларға да зор риза­шы­лығы­мыз­ды білдіреміз. Лайым Тәуелсіздігіміз тұ­ғыр­лы, ел­дігіміз ғұмырлы болып, Республикамыз көр­кейіп, гүлдене берсін! – деген Асхат Ша­­­­ха­ров мемлекеттік және қоғамдық қыз­мет­тегі сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-эко­но­микалық және мәдени дамуына, халықтар ара­сындағы достық пен ынтымақтастықты ны­ғайтуға қосқан елеулі үлесі үшін жалпы са­ны 40-қа жуық ақтөбелікке мемлекеттік наг­рада табыстады. 
Одан әрі салтанатты жиын мерекелік кон­цертпен жалғасты. 
Шарада Ғ.Жұбанова атындағы об­лыс­тық фи­лармонияның дәстүрлі әншілері, А.Жұ­банов атындағы Ақтөбе му­зы­калық кол­лед­жі­нің оқушылары, Т.Ахтанов атын­дағы об­лыс­тық драма театрының әртіс­тері және қа­зақ камералық хор ұжымы өнер көрсетіп, жұрт­шылыққа мерекелік көңіл күй сыйлады. 
Аталған шарада марапатталған азамат­тар­дың бірі – «Данияр» шаруа қожалығының бас­шысы Серік Оразымбетов. Ол облыс әкі­мінің қолынан «Құрмет» орденін алды. 
Ауған соғысының ардагері, шаруашылық бас­шысы Хромтау ауданында қой шаруа­шы­лығын дамытып отыр. Ол осыдан 4-5 жыл бұрын «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы асылтұқымды 700 қой сатып алған. Бүгінде қожалықта еділбай тұқымдас 8 мың қой бар. Сондай-ақ кәсіпкер Дөң ауылы маңынан кемпинг ашқан.
Мерекеде Байғанин ауданының тұрғы­ны, жеке кәсіпкер Құтым Қасенов те «Құр­мет» орденімен марапатталды. 
Отыз жылдан бері бау-бақша өсірумен ай­­налысатын Қарауылкелді ауылының тұр­ғыны Құтым Қасенов «Ауыл аманаты» жо­ба­сына қатысып, бүгінде кәсібін дамытуда. Ол өз ауласынан жалпы ауданы 400 шаршы метр болатын жылыжай салып, онда қияр, жүзім, т.б. егіп, мол өнім алған. Жасы сексеннен ас­қан еңбекқор қария осылайша ауыл жас­тарына үлгі көрсетіп отыр.   

***
25 қазан – Республика күнінде Ақтөбе қа­ласындағы орталық саябақта мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті. Оған Ақтөбе облысының әкі­мі Асхат Шахаров, Ақтөбе қаласының әкі­мі Азамат Бекет, облыс және қала әкімдерінің орын­басарлары, мемлекеттік мекеме басшы­ла­ры мен Ұлттық ұланның сарбаздары қатыс­ты.  
Салтанатты жиында Ақтөбе қалалық Мә­де­ниет үйі жанындағы үрмелі аспаптар ор­кестрі­нің сүйемелдеуімен Әнұран шырқалып, сарбаздар көк Туымызды көкке көтерді.

Біздің дерек

*Республика күнінде Ақтөбе облысында 19 сәби дүниеге келді. Оның 10-ы ер бала болса, 9-ы –қыз бала.
*«Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» экологиялық акциясы аясында ақтөбеліктер қаладағы оқу орындарының, ауруханалардың және жеке кәсіпкерлік нысандарының аумағына 500 түп ағаш екті.
*Мереке қарсаңында Президент Жарлығына сәйкес Ақтөбе қаласы бойынша 14 ана «Алтын алқа» және 30 ана «Күміс алқамен» марапатталды.
*Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда Қарғалы ауданынан келген шаруашылық өкілдері қала тұрғындарына 900 келі жылқы етін, 350 келі қой етін, 1 тонна 200 келі сиыр етін, сондай-ақ сүт, май, бал, құс еті, т.б. ауыл өнімдерін арзан бағаға ұсынды. 
*Ақтөбенің белсенді жастары «Менің елім – менің Туым» акциясы аясында қаладағы биік ғимараттар мен тұрғын үйлердің балкондарына 100-ден астам Туды орнатты.

Данагүл ҚАЗИХАН,
Ақтөбе облысы

Серіктес жаңалықтары