Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында барлық қазақстандық балуан жүлде алды

Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 1-орын алса, Өзбекстан мен Қырғызстан үздік үштікті түйіндеді.

Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында барлық қазақстандық балуан жүлде алды
Instagram/drs_kz
906

Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында қазақ күресінен ел намысын қорғаған ұлттық құраманың барлық палуаны жүлде жеңіп алды. Қазақстан қоржынына үш алтын, бір күміс пен бір қола салынды, деп хабарлады turkystan.kz Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Ар-Рияд қаласында өтіп жатқан жауынгерлік өнер ойындарында Жұмажан Қожамбеков (75 келі), Мәди Амангелді (85 келі) мен Роза Нысантайқызы (70 келі) алтын жүлдегер атанды.

65 келі сақмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұр Аманшүкіров ақтық сында есе жіберіп, күміс жүлдені еншіледі. Ал Рауза Нұрмұхамбетова 60 келі салмақта қола медальді жеңіп алды.

Айта кетейік, биыл ұлттық спортымыз алғаш жауынгерлік өнер ойындарының бағдарламасына кірді. Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 1-орын алса, Өзбекстан мен Қырғызстан үздік үштікті түйіндеді.

 

Серіктес жаңалықтары