«Бірінші орында тұрмайсың»: Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің қойған талаптарын айтты

Ол марқұм күйеуі Қайрат Беркімбаевтың жұмысқа қатысты бірқатар талабы болғанын жеткізді.

«Бірінші орында тұрмайсың»: Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің қойған талаптарын айтты
ашық дереккөз
2111

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы «Жедел сұхбат» бағдарламасында марқұм күйеуі үйленер алдында қандай шарт қойғанын айтты.

«Осы уақытқа дейін мен тұрмыста болдым. Қайрекең «Маған жұмыс істейтін, менен кейін жұмыстан келетін әйел керек емес. Тұрмысқа шығар кезде саған қоятын шартым: балаңның тамағы, денсаулығы дұрыс болуы керек. Сен өз міндетіңді дұрыс орында. Егер содан артылса, барып тірлігіңді жаса. Мен сенің жұмысыңды сұрамаймын. Кітап шығарасың ба? Эфир жасайсың ба? Мен жұмысың туралы сұрамаймын. Тура солай сен де менің жұмысым жайлы сұрамайсың. Менің жұмыстан қанша табатынымды, бірінші отбасындағы балама қанша беретінімді сұрамайсың. Мен үшін ешқашан бірінші орында тұрмайсың. Ескер!», -  деді.

 Мен қысым ортасында жүрдім дегім келмейді. Бірақ менде белгілі ережелер мен шарттар болды», - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Серіктес жаңалықтары