Магомед Адиев ұлттық құрамадан бөлек, қазақстандық клубты жаттықтыруы мүмкін

Ол ұлттық команда мен клубтағы қызметтерін қатар алып жүрудің жолдарын қарастырып жатыр.

Магомед Адиев ұлттық құрамадан бөлек, қазақстандық клубты жаттықтыруы мүмкін
kff.kz
3915

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев негізгі командадан бөлек «Ақтөбе» клубын жаттықтыруы мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«ЖаркоВштрафной» телеграм арнасының мәліметінше, бас бапкерге осындай ұсыныс келіп түскен.

«Магодмед Мұсаұлына ақтөбеліктерді басқару туралы ұсыныс келіп түскен және қазір ол ұлттық команда мен клубтағы қызметтерін қатар алып жүрудің жолдарын қарастырып жатыр. Клубтың ұсынысын қабыл алғаны, алмағаны жақын күндері белгілі болады. Дегенмен, «Ақтөбе» жанкүйерлерін алаңдатқан бір мәселе шешілді: Андрей Карповичпен арадағы келісімшарт ұзартылмайтын болды. Ол маусым аяқталған соң екі жыл қатарынан ҚПЛ жүлдесіне алып келген команда құрамынан кетеді», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары