Пара Азиада – 2023: Нұрдәулет Жұмағали екінші рет алтын жүлде иеленді

Ол бұған дейін де жеңіс тұғырына көтерілген болатын.

Пара Азиада – 2023: Нұрдәулет Жұмағали екінші рет алтын жүлде иеленді
©paralympic.kz
815

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарында қазақстандық суда жүзуші Нұрдәулет Жұмағали алтын жүлде иеленді.

200 метрге кешенді жүзу сайысында сынға түскен отандасымыздың нәтижесі – 2:16.74. Бұл – Пара Азия ойындарының рекорды. Ал осы сайыста сынға түскен тағы бір қазақстандық Роман Потапов сегізінші орынды иеленді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрдәулет бұған дейін Ханчжоуда 100 метрге брасс әдісімен жүзу сайысында алтын медаль алған болатын.

Қазақстан қоржынында жалпы саны 41 медаль (8 алтын, 12 күміс және 21 қола) бар.

 

Серіктес жаңалықтары