Шымкентте бір үйдің 5 адамы газдан уланып қаза болды

Оқиға Ынтымақ-2 шағынауданындағы жеке тұрғын үйде болған.

Шымкентте бір үйдің 5 адамы газдан уланып қаза болды
ашық дереккөз
888

Шымкентте бір отбасының 5 адамы улы газдан көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм болғандар ерлі-зайыптылар мен олардың 2007, 2008 және 2012 жылы туған балалары.

Оқиға Ынтымақ-2 шағынауданындағы жеке тұрғын үйде болған.

Газ мамандарының айтуынша, қайғылы оқиғаға дейін қауіпсіздік бойынша жүргізілген рейдтік жұмыстар кезінде газ құрылғысы тексеріліп, бұл үй газбен қамту желісінен ажыратылған көрінеді. Алайда үй иесі көгілдір отынды өздігінен қосып алған екен.

Серіктес жаңалықтары