«Немере – сенің балаң емес»: Роза Рымбаева достарынан кешірім сұрады

Роза Рымбаева «Мархабат» бағдарламасында отбасы, немересі туралы айтты

«Немере – сенің балаң емес»: Роза Рымбаева достарынан кешірім сұрады
Фото: instagram.com/rozarymbaeva
2454

Қазақстанның халық әртісі, әнші Роза Рымбаева «Мархабат» бағдарламасына сұхбат беріп, отбасы, немересі туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Әнші кезінде немерелерін ертіп жүрген достарына айтқан сөзі үшін кешірім сұрады.

«Кезінде достарым немерелерін ертіп жүргенін көрсем, ұрысып тастайтын едім. «Немере – сенің балаң емес, өзінің әке-шешесі бар, сені оны бағуға міндетті емессің1 деп ақыл айтып жүруші едім. Сол кезде: «Рымбаева, басыңа келеді, немерелі болғанда түсінесің» дейтін. Олардың немерелеріне махаббаты өтірік деп ойлайтынмын. Қазір сол сөзім үшін ұялып, достарымнан кешірім сұраймын. Жасың ұлғайған сайын балажан болады екенсің. Періштемді көргенде бәрін ұмытамын. Әже болудың сәні де немере бағу екен. Одан кейін балаларым жас отбасы болған соң оларға көмектескім келеді. Бала күтуде тәжірибелері жеткіліксіз болып жатады. Сол кезде қолдау білдіремін. Әке-шешесі қыдырып кеткенде үйде бала бағып та қалатын мен», - дейді әнші.

Серіктес жаңалықтары