Қарағанды шахтасында жарылыс болып, 11 адам қаза тапты

09:00-дегі ақпарат бойынша, 11 адам қаза тапқаны белгілі болды.

Қарағанды шахтасында жарылыс болып, 11 адам қаза тапты
Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
1090

Қарағанды облысы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Апат кезінде Костенко атындағы шахтада 252 адам болған, жер бетіне 205 шахтер шығарылған.

Алғашында 7 адам қаза тапқаны туралы хабар тараған болатын.

"7 кеншінің денесі табылды. Апат орнында құтқарушылар жұмысын жалғастыруда. Штаб құрылды. Қарағанды облысының әкімі, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Бас директоры, Бас Прокурордың бірінші орынбасары, Қарағанды облысының прокуроры, арнайы құқық қорғау органдары Костенко атындағы шахтада. Болжам бойынша, газдалған бетон жарылған", - деп айтылған хабарламада.

09:00-дегі ақпарат бойынша, 11 адам қаза тапқаны белгілі болды. 18 адам ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев мәлімдеді. 

"Қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", - деп жазды Бөлекпаев Facebook-тегі парақшасында

Серіктес жаңалықтары