785
Президент кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты
Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды.
Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған өрттен қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.
Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды.