Мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен: Түркістан облысында 2 бала құтқарылды

Тауға мал іздеп шыққан 13 және 12 жастағы екі бала таудан түсе алмай, далада қалып қойған.

Мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен: Түркістан облысында 2 бала құтқарылды
Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі
792

Түркістан облысында мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен екі бала құтқарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тауға мал іздеп шыққан 13 және 12 жастағы екі бала таудан түсе алмай, далада қалып қойған. Үйіне оралмаған соң, туыстары көмек сұрап, құтқарушыларға хабарласыпты.

Сағат 22:50-де құтқарушылар Қазығұрт ауданы, Атбұлақ ауылынан 7 км шақырымындағы Қазығұрт тауында жоғалып кеткен екі баланы тауып, таулы жерден төмен түсірген.

Кеше кешкісін Түркістан облысы ТЖД 112 пультіне екі баланың жоғалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 13 құтқарушысы және 3 техникасы, жедел құтқару жасағының 6 қызметкері және 1 техникасы, Полиция департаментінің 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды, – деп жазылған Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі берген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары