"Германияда емделеді": Бас бапкер құрама капитаны Асхат Тағыбергеннің алдағы ойындарға қатыспайтынын мәлімдеді

Медициналық тексеруден кейін Асхаттың оң аяқ табанының бесінші сүйегінде жарықшақ пайда болғанын анықтады

"Германияда емделеді": Бас бапкер құрама капитаны Асхат Тағыбергеннің алдағы ойындарға қатыспайтынын мәлімдеді
ҚФФ
1098

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы капитаны Асхат Тағыберген Еуропа чемпионаты іріктеуіндегі Сан-Марино мен Словения құрамаларына қарсы ойынына қатыса алмайды. Бұл туралы құраманың бас бапкері Магомед Әдиев Prosports.kz сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.

Еске сала кетейік, өз алаңында Қарағандының "Шахтер" клубын жеңген "Ордабасы" өз тарихында алғаш рет ел чемпионы атанған болатын. Сол кездесуде Асхат жарақат алып, 71-минутта ауыстырылды. Медициналық тексеруден кейін оның оң аяқ табанының бесінші сүйегінде жарықшақ пайда болғанын анықтады.

"Өкінішке қарай, алдағы ойындарда ол бізбен бірге болмайды, біз үшін бұл жағымсыз жаңалық. Бірақ үнемі айтатыным, біз проблемаларға назар аудармауымыз керек. Біз оларды қабылдап, шешуге тиіспіз. Біздің ойын жүйемізді өзгертуге белгілі бір көзқарас бар, бірақ біз бұл туралы жаттығу процесінде тереңірек ойланамыз. Асхат Германияда емделеді, оған тезірек оралуын тілеймін! Ол – біздің капитан, лидеріміз. Ойынға дейін ол Қазақстанға оралса, бізбен бірге Словенияға барып, жігіттерді қолдағанын қалаймыз. Ол ойнамаса да, оның командадағы рөлі өте маңызды. Өткен жолы Сергей Малый да жарақат алғанымен, Дания және Финляндияға қарсы кездесулерде жігіттерге қолдау көрсетті. Біз әрқашан ұлттық құрама үшін көп еңбек сіңірген жігіттердің командамен бірге сапарға шығып, ұжымды қолдағанын қалаймыз", – дейді 

Серіктес жаңалықтары