2168
«АрселорМитталТеміртау» басшысы күніне 1 млн теңге жалақы алған
Компания өзінің басқарушысы Палаватху Кришнан Наир Биджуға 2021 жылы 375,9 млн теңге немесе айына 31,3 млн теңгеден немесе күніне 1,01 млн теңгеден төлеген.
«АрселорМитталТеміртау» басшысы күніне 1 млн теңге жалақы алған, бұл туралы экономист Андрей Чеботарев өз телеграм-арнасында жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Компания өзінің басқарушысы Палаватху Кришнан Наир Биджуға 2021 жылы 375,9 млн теңге немесе айына 31,3 млн теңгеден немесе күніне 1,01 млн теңгеден төлеген. 2022 жылғы дерек жоқ, компания оларды қаржылық есептілік депозитарийінің порталына жүктемеген. Құжат 31 тамызға дейін жүктелуі керек болған. 2020 жылы Балавату Кришнан Наир Биджу 344 млн теңге алыпты. 2019 жылы оның алдындағы Парамжит Сингх Калон 328 млн теңге алған, – деп жазды ол.
Сонымен қатар экономист 2022 жылдың тамызында берілген соңғы есепке сәйкес 2021 жылы компанияның таза пайдасы 215 млрд теңге болғанын жазды.