Қаза тапқан кеншілердің отбасына ай сайын 400-500 мың теңге жәрдемақы төленеді

Бұл міндет «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына жүктелді.

Қаза тапқан кеншілердің отбасына ай сайын 400-500 мың теңге жәрдемақы төленеді
ашық дереккөз
957

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жедел штаб отырысында «Костенко» атындағы шахтадағы жарылыс салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасына ай сайын 400-500 мың теңге жәрдемақы төленіп отыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Turkystan.kz.

Министрдің түсіндіруінше, қаза тапқан азаматтардың отбасыларына асыраушысынан айрылуына байланысты тағайындалған жәрдемақы республикалық бюджеттен, әлеуметтік сақтандыру қорынан және өмірді сақтандыру компаниясынан төленеді.

С. Жақыпова жәрдемақы көлемінің орташа мөлшері асырауындағы адамдар 18 жасқа толғанға дейін ай сайын 400-500 мың теңге болатынын баяндады.

«Асыраушысынан айырылған отбасында жоғары оқу орындарында білім алып жатқан балалар болса, онда жәрдемақы 23 жасқа дейін төленеді», – деді С. Жақыпова.

Министрдің айтуынша, әзірге барлық төлемді өтеу «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына жүктелді.

«Кәсіпорын ұжымдық шартқа сәйкес жылдық төлем тәуекелдерін төлеуге міндетті. ArcelorMittal компаниясы жерлеу рәсімдеріне байланысты барлық шығынды, сондай-ақ балаларды жоғары оқу орындарында оқытуды өз мойнына алуға тиіс», – деді С. Жақыпова.

Серіктес жаңалықтары