«Костенко» шахтасындағы жарылыс: «Мәйіттерді тану мүмкін болмай жатыр»

Кеншілердің денесі бөлшектеніп кеткен.

«Костенко» шахтасындағы жарылыс: «Мәйіттерді тану мүмкін болмай жатыр»
Depositphotos
1581

Апаттық құтқару қызметі директорының орынбасары Жұмат Өкенов 13 кенші табылмай жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Turkystan.kz.

«Әзірше 13 адам табылған жоқ. Мәйіттерді тану мүмкін болмай жатыр. Кеншілердің денесі бөлшектеніп кеткен, аяғы бір жақта, басы бір жақта. Аты-жөндерін жариялау қиын болып тұр», – деді Ж. Өкенов.

Оның айтуынша, бұған дейін 33 адамның денесі жарылыс болған жердің беткі қабатынан табылған. Қалған 13 кеншінің табылмауына олардың үйіндінің астында қалғаны себеп болуы мүмкін.

Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің Республикалық орталық штабы Қарағанды филиалы директорының орынбасары Геннадий Силинскийдің сөзінше, шахтадағы жарылыстың толқыны 2 шақырымға жеткен.

«Жарылыстың толқыны 2 шақырым болды. Бұл шахтада тексеру 9 қазаннан 30 қазанға дейін жүргізілуі тиіс еді. Алдыңғы тексерулердің нәтижесінде 200-ден астам бұзушылық анықталған. Бұл жерде газ мөлшерін бақылау тиісінше атқарылмаған», – деді ол.

 

 

Серіктес жаңалықтары