1569
«Костенко» шахтасында қайтыс болған 5 кеншінің аты-жөні белгілі болды
Қалған 3 адамның кім екені анықталмады.
Шахтада болған жарылыстан кейін жердің бетіне 8 кеншінің денесі шығарылған, деп хабарлайды Turkystan.kz.
Шахта директоры Сергей Мустивконың мәлімдеуінше, кеншілердің барлығының есімін анықтау мүмкін болмаған.
«Жер бетіне бірінші шығарылған 8 адамның бесеуінің ғана аты-жөнін белгілі болды. Олар:
Мордасов Виталий Анатольевич;
Югай Александр Викторович;
Адампаев Ерболат Мұратұлы;
Петренко Владимир Ильич;
Сайфутдияров Альберт Рифович», – деді шахта директоры.
Оның сөзінше, қалған 3 адамның кім екенін анықтау мүмкін емес.