754
Шахтадағы апатта қаза тапқандар саны 35-ке жетті
11 кеншіні іздеу жұмыстары әлі жүріп жатыр
29 қазанда таңғы 9:00-дегі ақпарат бойынша Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілер саны 35 адамға жетті. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 11 кеншіні іздеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Костенко атындағы шахтасында қаза тапқан 35 кеншінің мәйіті табылды. Оның 29-ы жер бетіне шығарылды. 11 кеншіні іздеу жалғасып жатыр, - делінген ақпаратта.
Авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының 10 тау-кен құтқару бөлімшесі жұмылдырылған.
Газ жағдайын бақылау жалғасып жатыр.