«АрселорМиттал Теміртау» Қазақстан Үкіметімен қандай келіссөз жүргізгенін жариялады

Принципті келісімге қол қойылды.

«АрселорМиттал Теміртау» Қазақстан Үкіметімен қандай келіссөз жүргізгенін жариялады
ашық дереккөз
1147

Осыған қатысты компанияның ресми ресурсында ақпараттық хабарлама жарық көрді, деп хабарлайды Turkystan.kz.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының меншігін Үкіметке қайтару туралы келіссөз жүргіздік, ал өткен аптада осы қайғылы оқиғаның алдында принципті келісімге қол қойдық», – деп жазылған хабарламада.

Компанияның сайтында Қазақстан Үкіметімен операцияның тұрақтылығын қамтамасыз ететін жаңа жол іздеуге келіскендері атап көрсетілген.

«ArcelorMittal Қазақстандағы бұл шахталарға 1995 жылдан бері иелік етеді. Өкінішке қарай, олардың жұмысы күрделі геологиясына байланысты қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіреді, соның салдарынан соңғы екі жыл ішінде көптеген адам өліміне қатысты апаттар орын алды. Жағдайды тұрақтандыруға айтарлықтай күш-жігер жұмсалғанмен, біз Қазақстан үкіметімен операцияның тұрақтылығын қамтамасыз ететін жаңа жол іздеуге келістік», – деп нақтыланған мәлімдемеде.

 

Серіктес жаңалықтары