822
Бүгін Қазақстан халқы үшін өте қайғылы күн – ДДҰ басшысы
Көңіл айтуы мәтіні Twitter-де жарияланды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Қарағанды облысындағы шахтада қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды Turkystan.kz.
Ол көңіл айтуы мәтінін Twitter-ге жариялады.
«Бүгін Қазақстан халқы үшін өте қайғылы күн. Жақындарынан айырылған отбасыларға шын жүректен көңіл айтамын», – деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы.