Қазақстанда аза тұту күні қалай өтеді?

Аза тұту күні бір күннен бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін

Қазақстанда аза тұту күні қалай өтеді?
Ашық дереккөз
1371

Қайғылы оқиға салдарынан кісі өлімі көп тіркелген жағдайда елімізде аза тұту күні жарияланады. Қазақстан тарихындағы сондай қаралы күндердің бірі – бүгінгі 29 қазан болмақ.

Қазақстанда ұлттық аза тұту күнін республика президенті жариялайды. Аза тұту күнін жариялаудың нақты бір талабы жоқ. Шешім оқиға кезінде қабылдануы мүмкін. Әдетте кісі өлімі көп тіркелсе, терактілер мен аса көрнекті қайраткерлер өмірден озғанда, өзге де қайғылы жағдайлар кезінде аза тұту күні жарияланады.

Аза тұту күні бір күннен бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін.

Қазақстанда аза тұту күні мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, шекаралық дипломатиялық мекемелердің ғимараттарындағы Мемлекеттік ту төмен түсіріледі. Көңіл көтеретін шаралар мен телебағдарламалар тоқтатылады.

Бүгінгі күнді қоса есептегенде елімізде 13 рет аза тұту күні жарияланды. Атап айтқанда, Ленин шахтасындағы жарылыс, (41 кеншінің өлімі), "Абай" шахтасындағы жарылыс (30 адам),Қызылағаштағы су тасқыны (43 адам), Арқанкерген қырғыны (14 шекарашы мен қорықшы), Шымкенттегі ұшақ апаты (27 адам), Алматыдағы ұшақ апаты (21 адам), Ақтөбедегі лаңкестік (8 адам), Алматы маңындағы ұшақ апаты (12 адам), COVID-19 пандемиясы, Жамбыл облысындағы жарылыс (17 адам), 2022 жылғы Қазақстандағы ереуіл, Абай облысындағы өрт (14 адам), Костенко шахтасындағы апат (36 адам).

Айта кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездесіп, көңіл айтты. Апаттың мән-жайын анықтау, кеншілерді құтқару және зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына шұғыл көмек көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді.

Сондай-ақ мемлекет басшысы бүгін, 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын айтты.

Серіктес жаңалықтары