757
Костенко шахтасынан 42 кеншінің денесі табылды
4 кеншіні іздеу әлі жалғасуда
Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша Костенко шахтасынан 42 адамның денесі табылды, 4 кеншіні іздеу жалғасуда, деп хабарлады turkystan.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аварияны жою жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы - Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов шахтаға түсті. Өрт және кеншілердің қаза болған жерлерді тексеру жүргізілді.
Аварияны жою жөніндегі жедел штаб тәулік бойы іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіруде. Ең қауіпсіз және кеншілер болуы мүмкін ықтимал учаскелер бойынша тау-кен құтқарушыларының өту жолдары пысықталуда.
Іздестіру жұмыстары шамамен бір-бірінен 4 шақырым қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесінің ауданында жүргізілуде.