Павлодарда өгей қызын бірнеше рет зорлаған әке 22 жылға сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Павлодарда өгей қызын бірнеше рет зорлаған әке 22 жылға сотталды
egemen.kz
805

Павлодар облысында қызын зорлаған өгей әкені 22 жылға соттады. Сотта ер адам жас қызды бірнеше рет зорлағанын мойындамады, деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өгей әкесі жас баланы бірнеше рет зорлау, оның анасының денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Іс жабық сот отырысында қаралған болатын. Прокурор қылмыстардың жиынтығы бойынша 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы зорлау бойынша өз кінәсін мойындамады, ал ҚК 107-бабы 1-бөлігі бойынша кінәсін толықтай мойындады. 

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, заңды өкілдің айғақтарымен, сараптамалық қорытындылармен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен расталды.

«Сот жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, педагогтік және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады»,– делінген үкімде.

 

Серіктес жаңалықтары