2567
"Ән айтқанда құлағым естімейді": Мөлдір Әуелбекова концертте шатасқанына не себеп болғанын айтты
Әншінің сөзінше, оның сахнаға шықпағанына көп уақыт болған.
Әнші Мөлдір Әуелбекова концертте әннің сөзін ұмытып қалды, кейіннен мұның себебін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
Әншінің сөзінше, оның сахнаға шықпағанына көп уақыт болған. Сонымен қатар, ән айтқанда құлағы естімейтінін де жасырмай айтты.
Ән қайда? Мен қайда? Сөзін ұмытып қалдым. Әнімді халқым өзі айтып шықты. Күшті концерт болды. Мен декреттік демалыстан кейін ресми түрде үлкен сахналарға енді шығып жатырмын. Әндерімнің сөзін ұмытып қалғам. Бір еркелігімді халқым 20 жылда бір көтеретін шығар. Ән айтқанда естімегендіктен, болжап айтамын. Себебі құлағымды екі қабат орамал жауып тұрады, – деді Мөлдір Әуелбекова.