1732
«Алдымен менің қолымды, сосын қарсыласымның қолын көтерді»: Ангелина Лукас жеңілісіне төрешілерді кінәлайды (ВИДЕО)
"Кездесу аяқталған соң төрешілердің жазбасындағы есеп өзгертілді"
Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (5-1, 2 КО) Ыстанбұлда өткен бокс кешінде чилилік Даниэла Асенходан (15-3-3, 2 КО) жеңіліп қалды. Кәсіби бокста алғаш рет жеңілген қазақстандық боксшы Instagram-дағы жеке парақшасында төрешілерді кінәлап, өз ойын жазды.
«Кездесу аяқталып, жеңімпазды анықтамас бұрын рефери төрешілердің жазбасын жинап алды. Ол жазба бойынша 7 раунд бойы мен жеңіске жеттім. Менің қолымды көтерді. Алайда сосын рефери супервайзерге бұрылды (ол оған бірдеңе деп айтты), сосын менің қарсыласымның қолын көтерді. Кездесу аяқталған соң төрешілердің жазбасындағы есеп өзгертілді, – делінген жазбада.