Екібастұзда автомектеп бухгалтері жүргізуші куәлігін «сатқан»

Жедел уәкілдер 33 жастағы әйел адамды ұстады.

Екібастұзда автомектеп бухгалтері жүргізуші куәлігін «сатқан»
yandex.kz
694

Екібастұз тұрғыны жүргізуші куәлігін сатып алуды ұсынды деген күдікке ілінді, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, жедел уәкілдер 33 жастағы әйел адамды ұстады.

Ер адам полицияға хабарласып,  алданып қалғанын айтқан. Оның айтуынша, 2022 жылдың қазан айынан 2023 жылдың маусым айының ортасына дейін  Екібастұз қаласының автомектептерінің бірінде бухгалтер болып бейресми жұмыс істеген  әйел адам «Мемлекеттік органдарда таныстары бар» екенін айтып, қажетті санаттағы жүргізуші куәліктерін беруге уәде берген.  

«Автомектептің «оқушылары» оған 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін (қажетті санатқа байланысты) ақшалай қаражатты жолдасының шотына аударған. Кейін ешқандай нәтиже болмаған соң полицияға жүгінді. Сонымен қатар Павлодар облысының тұрғындары ғана емес, көрші Ақмола облысының тұрғындары да қармаққа түскен. Бүгінгі таңда 48-ге жуық алданған азамат анықталды, – деді департаментте. 

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 4-тармағы 3-бөлігінің 190-бабы – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.  Күдікпен әйелге қатысты келу туралы міндеттеме – бұлтартпау шарасы таңдалды. 

Полиция департаменті жүргізуші куәлігін тек арнайы ХҚКО-да тиісті емтихандарды тапсырып, жүргізуші куәлігі үшін бір АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төлеу қажет екенін еске салады.

 

Серіктес жаңалықтары