363
Әйнектен жасалған тергеу бөлмелері пайда болды
Әйнектен жасалған тергеу бөлмелері пайда болды
Астана мен Ақмола облысында әйнектен жасалған тергеу бөлмелері пайда болды, – деп хабарлайды Астана арнасы.
Бұл туралы Бас прокуратурада өткен Түрме реформасы атты 4-ші форумда белгілі болғандай, әйнектен жасалған изолятордың пайда болуына полиция тарапынан көрсетілетін зорлық-зомбылық себеп болған.
Қызметін асыра пайдаланатын тергеушілерден қорғалу үшін енді күдіктілер арнайы әйнектен жасалған бөлмеде тергелетін болады. Камерадағы адамның не істеп жатқандығын толық бақылауға мүмкіндік бар. Әзірге мұндай тергеу бөлмесі еліміз бойынша екеу ғана. ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов: «Күдіктілерді тергеу бөлмелерінің қабарғалары әйнек. Яғни, барлығы бүркемеленбей, ашық өтеді. Әзірге тәжірибе ретінде екі бөлімшеде осындай тәртіп енгіздік. Ақпан айынан бастап жаңа бөлмелерді сынақтан өткізіп жатырмыз», – дегенді қоса кетті.
Форум барысында сиырқұйымшақтанып кеткен электронды білезік жобасы да сөз болды. Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыповтың айтуынша, бұл сұрақ екі жыл көлемінде шешімін табады. Жиында қолға түскен күдіктіге үш сағат көлемінде адвокат беру туралы ұсыныс та айтылды.