«Көмір орнын қабірге толтырды»: Жұлдыз Әбдукәрімова әсерлі жазба жариялады

Тарихқа тағы бір күн қаралы болып жазылды

«Көмір орнын қабірге толтырды»: Жұлдыз Әбдукәрімова әсерлі жазба жариялады
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
1365

Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова Instagram-парақшасында шахтадағы апатқа қатысты жазба жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Тарихқа тағы бір күн қаралы болып жазылды. Енді тергеп-тексеру, жауаптылар мен немқұрайлық танытқандарды анықтау әрекеттері жүреді. Қош, қандай сабақ алдық? Митталды қуып шыққанмен мәселе шешіле ме? Неге ол тозығы жеткен шахтаны тастап кеткеніне қанағаттануымыз керек? 30 жылда Қарағанды астынан қазған көмір орнын қабірге толтырып кеткені үшін жауап бергізуге пәрменіміз жете ме?» - дейді ол.

Қаза болғандардың отбасыларына қандай жәрдем көрсетсек те, адамын қайтара алмайтынымызды, жұбатуға сөз таппайтынымызды айтты.

«Тірі адам тіршілігін жалғастырады екен. Бұдан кейін мұндай қолдан жасалатын апаттар болмаса екен. Көк байрағымыз төмен түспесе екен. Елдегі барлық саладағы инвесторларға деген талап күшейтіліп, келісімшарттар қайта қарастырылуы керек. Адам өміріне немқұрайлы қарауды тоқтатпаса, қаралы күндер бітпесі анық. Кейінгі кездері адам шығыны болмай өзгеріс орнамайтын болды. Неге?» - дейді ол. 

Серіктес жаңалықтары