«Тас, шөлмек бөтелкелер лақтырған»: Ақтауда 76 жасөспірім ұсталды

Ақтау қаласында жаппай төбелес ұйымдастырған жасөспірімдер полицияға жеткізілді.

«Тас, шөлмек бөтелкелер лақтырған»: Ақтауда 76 жасөспірім ұсталды
Ашық дереккөз
669

Ақтау қаласында жаппай төбелес ұйымдастырған жасөспірімдер полицияға жеткізіліп, алтауы қамауға алынды. 56 баланың ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.

Жасөспірімдер арасындағы шиеленіс 27 қазан, сағат 23:00 шамасында 27 және 28-ші шағынаудандар арасында болды. Олар жол бойында бір-біріне тас, шөлмек бөтелкелер лақтырған.

«Ақтау қаласы полиция басқармасына 15-18 жас аралығындағы 76 тұлға жеткізілді. Кәмелетке толмаған 56 баланың ата-анасына ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 442-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жауапқа тартылды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, 6 жасөспірім бұлтартпау шарасын қолдану арқылы қамауға алынған.

 

Серіктес жаңалықтары