Қазақстан Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтары Федерациясын басқарды

Болат Ақшолақов Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының Президенті болып сайланды.

Қазақстан Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтары Федерациясын басқарды
682

26-29 қазан аралығында Сеул қаласында (Корея Республикасы) өткен X Дүниежүзілік конгресс шеңберінде Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының Президенті Болат Ақшолақов Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының Президенті болып сайланды.

Болат Ақшолақовтың дауыс берудегі жеңісі Қазақстан үшінде, ЮНЕСКО-ның әлемдік клубтық қозғалысы үшін де тарихи сәт болып табылады. Отырыс барысында конгрескеқатысушы елдер халықаралық ұйымның бастамалары мен жобаларын іске асырудағы еліміздің бірегей тәжірибесінерекше атап өтті, сондай-ақ жаңа басшының келуімендүниежүзілік федерацияның одан әрі табысты дамуына үмітартты. Нәтижесінде, Қазақстанды сайлау туралы шешімді Конгресстің көптеген қатысушы елдерінің өкілдеріқолдады, бұл біздің Республикамызға деген сенімніңжоғары деңгейін және халықаралық аренадағы айтарлықтайрөлі бар екенін растайды. Бұл нәтижеге қол жеткізудеҚазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық Комиссиясының тұрақты қолдауымаңызды рөл атқарды.

Айта кету керек, ЮНЕСКО клубтарының қозғалысы 1947 жылы Жапонияда ЮНЕСКО-ның негізгі басымдықтары мен құндылықтарын азаматтық қоғам арасында кеңіненнасихаттау мақсатында бастау алған. Бүгінгі таңда бұлқозғалыс әлемнің 90-ға жуық елінде кеңінен таралып, 5000-ға жуық ұйымды қамтиды.

"Қазақстандық Федерация үшін жастар әрқашан басымдыққа ие болды. Осығанбайланысты, біз барлық жинақталған тәжірибені енгізудіжәне бүкіл әлем бойынша ЮНЕСКО Клубтыққозғалысының болашақ көшбасшыларын даярлау үшінберік негіз қалауды ұсынамыз», - деп атап өтті Болат Ақшолақов.

Бұдан бұрын Болат Ақшолақовтың басшылығыменҚазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясыайтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Бүгінгі таңдаФедерация 190 клубты 17,000-нан астам белсендімүшелерін біріктіре отырып, 45-тен астам елдіңқатысуымен 550-ге жуық іс-шараны сәтті ұйымдастырды. Сонымен қатар, 75 000-ға жуық қатысушыны қамтығанбірегей халықаралық жоба - "The Planet of ART" жастарфестивалі іске қосылды.

Дүниежүзілік Федерацияның Президенті болып сайланғаннан кейін, ЮНЕСКО-ның Жер шарының барлық аймақтарындағы қауымдастықтары мен клубтарын нығайту және дамыту, олардың танымалдығы мен жергілікті қауымдастықтардағы рөлін арттыру, жаңа қауымдастықтар мен клубтардың санын кеңейту қажеттілігі басым міндеттер ретінде айқындалды. Дүниежүзілік Федерацияның негізгі бағдарламаларын бірлесіп жүзеге асыру үшін ЮНЕСКО және мүше мемлекеттердің үкіметтерімен ынтымақтастықты тереңдетуге деген ұмтылыс білдірілді.

Серіктес жаңалықтары