Қаза тапқан кеншілердің толық тізімі 3-4 күнде жарияланады

Министр ДНҚ зерттеу жоспарланып отыр, осыдан кейін ғана тізім жарияланатын болады дейді.

Қаза тапқан кеншілердің толық тізімі 3-4 күнде жарияланады
Akorda
1001

Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз конференцияда Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Костенко шахтасындағы апаттан қаза тапқандардың толық тізімі неге әлі жарияланбай жатқанын түсіндірді, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Сіз Үкімет отырысында 46 соңғы шахтердің ықтимал дене қалдықтары табылғанын айттыңыз. Қаза болған кеншілердің толық тізімін қашан жариялайсыздар?» - деп сұрады БАҚ өкілі.

Министрдің айтуынша, бұған әлі 3-4 күн керек.

«Қазір кейінгі табылған 6 шахтердің аты-жөнін анықтап жатырмыз. ДНҚ зерттеу жоспарланып отыр. Осыдан кейін ғана (тізімді) жариялай аламыз. Менің ойымша, бұл 3-4 күн алады», - деді Сырым Шәріпханов.

Серіктес жаңалықтары