Қостанай облысында жол апатынан жүкті әйел қаза болды

Оқиға 29 қазан күні Талапкер және Айсара ауылдарының арасында болған.

Қостанай облысында жол апатынан жүкті әйел қаза болды
stan.kz
1293

Қостанай облысында жол апатынан жүкті әйел көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға 29 қазан күні Талапкер және Айсара ауылдарының арасында болған.  

qostanai.mediа сайтының мәліметінше, қаза тапқан әйелдің артында 4 баласы қалды.

«Минивэн көлігінің жүргізушісі жол белгілері талаптарын елемей, қарсы бетке шығып, көпбалалы отбасы отырған LADA Kalina көлігімен соқтығысты. Төрт бала жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Минивэн жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары