«Қарақат менің қызым емес»: Қымбат Әбілдақызы отбасылық өмірі туралы айтты

Қымбат Әбілдақызы ел ішінде тараған әңгімеге қатысты бар шындықты айтты.

«Қарақат менің қызым емес»: Қымбат Әбілдақызы отбасылық өмірі туралы айтты
stan.kz
5137

«Айгөлек» журналының бас редакторы Қымбат Әбілдақызы ел ішінде тараған әңгімеге қатысты бар шындықты айтты. «Мақсатына жеткендер» бағдарламасында танымал журналист «Қарақаттың анасы осы кісі екен» деген қауесеттің нүктесін қойды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қарақат 1978 жылы туған. Ол жылы мен төртінші жыл қатарынан ҚазГуге оқуға түсе алмай, бір күні Алматыда қыдырып қалмай, конкурстан құлаған күні «Жаңаарқа қайдасың?» деп пойызға мініп кетіп қалдым. 1978 жылы мен ауылда мектепте жұмыс істеймін. Қысқасы, мен сонда Қарақатты қай жерде жүріп тапқанмын? Ауылымда жүріп пе? Менің әкемнің мінезі өте қатты болды. Кешіріңіз, күнәға батасыздар! Әйтпесе, Қарақаттай қызды тудым десем несі бар, егер мен туып тұрсам? Бірақ Құдай бар ғой, туған жоқпын», – деді Қымбат Әбілдақызы.

Серіктес жаңалықтары