Оралда зейнеткерді тонаған азамат ұсталды

Полиция қызметкерлері 32 жастағы Орал қаласының тұрғынын ұстады.

Оралда зейнеткерді тонаған азамат ұсталды
polisia.kz
1094

БҚО полицейлері зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, 26 қазанда сағат шамамен 11:30 кезінде белгісіз біреу 85 жастағы зейнеткердің үйінің есігін қағады.

«Есіктің құлпын ашқан әйелге бас салып, күш қолданып, бірнеше рет соққы жасайды. Кейін үйге кіріп, үйден жәбірленушінің қызына тиесілі 720 мың рубль ақшасын (5 мыңдық банкнотта) жымқырып кеткен. Келтірілген залал 3,5 млн теңге», – делінген хабарламада.

Қылмыс орын алғаны туралы ақпарат түсе салысымен, оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жетіп, арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 32 жастағы Орал қаласының тұрғынын анықтап, ұстады.

«Тексеру барысында оның алаяқтық, ұрлық, тонау қылмыстарына қатысының бары белгілі болды. Ұрланған ақша жартылай тәркіленді. Ұсталған азамат Орал қаласы ПБ уақытша-ұстау изоляторына қамауға алынды», – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігіне (Қарақшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
 

Серіктес жаңалықтары