Газдан уланған: Қостанай облысында әйел мен екі бала қайтыс болды

Қайғылы оқиға 30 қазанда Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округінің Лесное ауылында болған.

Газдан уланған: Қостанай облысында әйел мен екі бала қайтыс болды
сурет: stan.kz
733

Қостанай облысында әйел мен екі бала газдан уланып қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz alau.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 30 қазанда Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округінің Лесное ауылында болған.

Қостанай облысы ТЖД хабарлауынша, пеш жағамын деп газдан уланған 1975 жылы туған үйдің иесі де аудандық ауруханаға жатқызылған.

"Оқиға орнында 1984 жылы туған үй иесі, 2013 және 2008 жылы туған балалар қаза тапты. Бұл жерге Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері барды. Өлім мен жарақаттанудың алдын-ала себебі: көміртегі тотығымен улану, пештің сыртқы сыланбаған саңылаулары мен шойын плитасының жарықтары", - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары