Қарағандыдағы сауда орталығына «бомба» қойған жасөспірім ұсталды
Танысымен жанжалдасып қалған мектеп оқушысы оның атынан жалған хабарлама жіберген.
Қарағандылық полицейлер кәмелетке толмаған жалған террористті ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.
Танысымен жанжалдасып қалған мектеп оқушысы оның атынан жалған хабарлама жіберген.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, «City Mall» сауда орталығында бомба жасырылды деген жазба облыстық әкімдіктің электронды поштасына түскен.
«Хатта қыз таныс құрбысының нөмірін жазып, бомбаны жармау үшін төлем талап еткен. Оқиға орнына дереу жеткен шұғыл қызмет өкілдері сауда үйінен 200-ден астам адамды эвакуациялап, ғимаратта тексеру жұмыстарын жүргізді. Алайда ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ», – делінген хабарламада.
Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қарағандылық жедел уәкілдер хабарламада көрсетілген абоненттік нөмірдің иесін – 14 жасар қызды анықтады. Алайда одан әрі тексеру барысында хабарламаны онымен жанжалдасып қалған құрбысының жібергені белгілі болды.