Қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі – Есмағамбетова

Ауырған балалар арасында вакцинация алмаған балалар есебінен тіркеліп жатқанын атап көрсетті.

Қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі – Есмағамбетова
ашық дереккөз
599

Қызылша ауруы Қазақстанның барлық өңірлерінде тіркелді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.

Оның дерегіне сәйкес, қызылшамен ауырудың жоғары деңгейі Шымкент қаласында, Жамбыл және Алматы облыстарында және Алматы қаласында тіркелген.

Салалық министрлік өкілі сырқаттанушылық ауырған балалар арасында вакцинация алмаған балалар есебінен тіркеліп жатқанын атап көрсетті.

«Вакцинация алмаған балалар 71% құрайды. Бұл ретте, 60% – балалар егуден бас тартуға байланысты, 18% – медициналық қарсы көрсетілім бойынша, 21% – егу жасына жетпеген балалар», - деп хабарлады вице-министр.

Сондай-ақ спикер қазіргі эпидемиологиялық жағдай қызылшаның 5 жасқа дейінгі балалар арасында көптеп тіркелуімен сипатталатынын хабарлады.

«Ол қызылша жағдайларының 65%-ын құрайды», - деп назар аударды Айжан Есмағамбетова.

Осыған байланысты ол қызылшаның одан әрі таралуын болдырмау үшін балаларды 6 айдан бастап, сондай-ақ 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды және медицина қызметкерлерін қосымша вакцинациялау жоспарланғанын хабарлады.

«Бұл ретте, 6 айдан 11 айға дейінгі балаларды қосымша иммундауды ағымдағы жылдың 6 қарашасынан бастау жоспарланып отыр. Ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап 5 жасқа дейінгі балаларды қосымша жаппай иммундау және 6 айға толған балаларды қосымша иммундауды одан әрі жалғастыру жоспарланып отыр», - деді вице-министр.

 

Серіктес жаңалықтары