619
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысының тұрғынын ұстады
Ол терроризм идеяларын насихаттады деген күдікке ілінді.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп, Алматы облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz ҰҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол терроризм идеяларын насихаттады деген күдікке ілінді. Тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген.
Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.