Зайнутдиновтың тепкен добы футбол жанкүйерлерін таңғалдырды

«Бешикташ» командасы 10 турдан кейін 16 ұпаймен Түркия суперлигасында 4-орында келеді.

Зайнутдиновтың тепкен добы футбол жанкүйерлерін таңғалдырды
Фото: "Бешикташ" ФК
903

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов «Бешикташ» командасы сапындағы кезекті ойынын өткізді. Түркия чемпионатының 10-турындағы «Газиантеп» командасына қарсы ойында үздік өнер көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz kaz.vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Бахтиер негізгі құрамда алаңға шығып, сол қанат қорғанысында ойнады. Шабуылға да дер уақытында араласып, команданың жеңіске жетуіне бар күшін салды. Оның 17-минутта қайшылай тепкен добы жанкүйерлер көңілін бір серпілтті. Алайда қонақтар қақпашысы Флорин Ницэ қайтарып үлгерді. 

«Бахтиер Зайнутдиновтың тамаша соққысы», - деп жазды beIN SPORTS Türkiye интернет-ресурсы. 

Ойында «Бешикташ» 2:0 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық футболшы кездесу соңына дейін ойнады. WhoScored сараптамалық порталы Бахтиердің ойынына 8,0 деген ұпай берді. Бұл – Алекс Окслейд Чемберленнен (8,4) кейінгі үздік нәтиже. 

«Бешикташ» командасы 10 турдан кейін 16 ұпаймен Түркия суперлигасында 4-орында келеді.

Серіктес жаңалықтары