Оралда ер адам 85 жастағы зейнеткерді соққыға жыққан

Зейнеткер бейтаныс адамға есік ашамын деп жапа шеккен.

Оралда ер адам 85 жастағы зейнеткерді соққыға жыққан
uralskweek.kz
766

Оралда қылмыскер зейнеткеодің пәтеріне кіріп, оның басынан бірнеше рет ұрып, 3,5 миллион теңгесін ұрлап кеткен. 

Зейнеткер бейтаныс адамға есік ашамын деп жапа шеккен.

Батысқазақстандық полицейлер күдіктіні ұстады, ол Орал қаласының тұрғыны болып шықты. Ұрланған мүлік жартылай ғана қайтарылды.

"26 қазан күні сағат 11:30 шамасында белгісіз біреу 1938 жылы туған егде әйел тұратын пәтердің есігін қағып, есікті ашқан бойда тонаушы пәтерге кіріп, жәбірленушінің қызына тиесілі 720 мың ресей рублін ұрлап кеткен", – деп мәлімдеді Полиция басқармасының өкілдері.

Белгілі болғандай, күдікті бұған дейін алаяқтық, тонау және ұрлық бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 3-бөлігі "Тонау” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары