Кеншілер 55 жастан бастап зейнетке шығуы мүмкін

Қазір заң жобасын мәжіліс депутаттары пысықтап жатыр.

Кеншілер 55 жастан бастап зейнетке шығуы мүмкін
Naryk.kz
1134

Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап кеншілер 55 жастан зейнетке шығуы мүмкін. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлады Хабар 24.

Қазір тиісті құжат мәжіліс депутаттарының қарауында.

"Қазір бұл заң жобасын мәжіліс депутаттары пысықтап жатыр. Егер құжат қолдау тапса, онда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 55 жасқа толған кеншілер мен сол салада 7 жыл жұмыс өтілі бар азаматтар зейнетке шығады", - дейді Дүйсенова.

Серіктес жаңалықтары