1180
Сүт өнімдері 16,1%-ға қымбаттады
Айран мен қаймақ бұрынғыдан қымбат бағаға сатылып жатыр.
Елімізде сүт өнімдерінің бағасы 16,1%-ға өсті, деп хабарлады Turkystan.kz. еnergyProm-ға сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысында сүт өнімдері 24,7%-ға, Қызылорда облысында - 24,3%-ға, Ұлытау облысында 23,7%-ға қымбаттады.
Күнделікті тұтынатын сүттің бағасы 20%-ға, консервіленген сүт - 26,4%-ға, сүзбе -11,8%-ға, қатты ірімшік - 10,7%-ға, ашытылған сүт өнімдері 15,7%-ға өсті.
Ашыған сүт өнімдерінің ішінде айранның құны жоғарылады. Айран бұрынғыдан - 17,5%, қаймақ - 16,6%, йогурт 9,8% қымбат бағамен сатылып жатыр.