2,5 трлн теңге қаражат Мәжіліс депутаттарының тікелей араласуымен қайта бөлінді – депутат

Депутаттардың нақты сауалдарына мемлекеттік органдар қосымша 200-ден астам мәлімет берген

2,5 трлн теңге қаражат Мәжіліс депутаттарының тікелей араласуымен қайта бөлінді – депутат
ашық дереккөз
859

 

Мәжіліс депутаты «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылау кезінде депутат Мархабат Жайымбетов 2,5 трлн теңге қаражат Мәжіліс депутаттарының тікелей араласуымен қайта бөлінгені туралы айтты. 

 «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»  заң жобасының аясында 28 мемлекеттік орган 11 жұмыс тобында тыңдалды.Жұмыс топтарында депутаттар халықты толғандыратын, көптің көкейінде жүрген өткір сұрақтарды көтерді. Тіпті, маңызды ұсыныстарды берді. Мысалы, Мәжіліс депутаттарының тікелей араласуымен бюджеттегі 2,5 трлн.теңгеге жуық қаражат министрліктер, әкімдіктер арасында маңыздылығына қарай қайта бөлінді. Депутаттардың нақты сауалдарына мемлекеттік органдар қосымша 200-ден астам мәлімет берді. Сондай-ақ, біз бюджеттің аймақтарға арналған шығыс бөлігін ұлғайтуға, шамамен 1,5 трлн. теңгеге жуық 300 түзетуге ұсыныс енгіздік. Ерекше атап өтетін жайт, жалпы бюджеттің шамамен 30%-дан астамы немесе 7 трлн.теңге өңірлер үшін бөлінген қаражат болып табылады. Оған қоса, «AMANAT» фракциясы депутаттарының ұсынысымен  56 млрд. теңгеге қосымша қаражат қарастырылды. Оның ішінде, өңірлерді дамытуға – 32 млрд, елді мекендерді сумен қамтамасыз етуге - 10 млрд.  Ал, «Ауыл - Ел бесігі» жобасына - 15 млрд. теңге бөлінетін болды. Әрбір депутат берген ұсыныс пен пікірдің, түйткілді мәселесінің артында халықтың мүддесі тұр. Оның ішінде, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік және коммуникация, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет пен спорт сынды басқа да салаларды негізгі бағыт ретінде ұсынып отыр, – деді депутат. 

Серіктес жаңалықтары