Жалған полицей зейнеткерді 1,5 млн теңгеге алдап кеткен

Рудный қаласының 92 жастағы тұрғыны алаяқтардан зардап шеккен.

Жалған полицей зейнеткерді 1,5 млн теңгеге алдап кеткен
polisia.kz
613

Қостанай облысының полицейлері зейнеткердің алаяққа сеніп, айырылып қалған ақшасын қайтарып берді, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

24 қазан күні «102» пультіне Рудный қаласының 92 жастағы тұрғыны алаяқтардан зардап шеккендігін хабарлады.

«Оның үй телефонына қоңырау түскен. Алаяқтар өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, немересі жол-көлік оқиғасын жасағанын айтқан. Әйел бірден 1,5 миллион теңгесі бар пакетті курьерге тапсырды», – делінген хабарламада.
 

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша хабарлама тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Полиция сыртқы бақылау камераларын пайдалана отырып, дроппер мінген көлікті анықтады. Кейінірек олар ақшаның облыс орталығы – Қостанайға аударылғанын білді. Сол күні екі жас жігіт ұсталып, ақша зейнеткерге қайтарылды. Күдіктілер 200 мың теңгені жұмсап үлгерген. Олардың бірі осындай әрекеттері үшін бірнеше рет жауапқа тартылған», – деді криминалдық полиция қызметкері Мадияр Тәжин.

Зардап шеккен кейуананың немересі қылмысты жедел ашқан полицейлерге алғысын білдірді.

Серіктес жаңалықтары